Тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Алиева К.М. оқу топтарының топ жетекшілерімен келесі тақырыптар бойынша онлайн-кездесу өткізілді:
1. «Ерте жүктіліктің алдын алу»;
2. Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі топ жетекшілердің студенттермен жұмысы туралы.
Топ жетекшілері онлайн-кездесуде қарастырылған әр мәселені қызу талқылады. Топ жетекшілермен ерте жүктіліктің алдын-алу және болдырмау мақсатында іс-шараларды жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістер туралы пікірлермен алмасу; студенттерге қашықтықтан оқыту үдерісінде жеке білім беру траекториясын жасауға және іске асыруға көмектесу; онлай-оқу кезеңінде студенттерге психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету бойынша топ жетекшілері өз ойларымен бөлісті. Онлайн-кездесудің қорытындысын жасау кезінде жоғарыда аталған бағыттар бойынша топ жетекшілердің бірқатар жұмыстарына ұсыныстар енгізілді.