Кеңес Одағының Батыры, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, академик-жазушы Мәлік Габдуллиннің 105 жыл туғанына арналған. 32 пар тобында «Ер есімі-ел есінде» деген тақырыпқа сай сынып сағаты өткізілді, іс шара зумда өткізілді. Студенттер жерлесіміздің өмірбаянымен танысқан соң, өздері де жазушы туралы көптеген мәліметтер айтты. Олар қаламызда батыр оқыған мектеп бар екеніне, атымен көше аталғанына, мұражайдың бар екеніне, және де ерімізге ескерткіш орнатылғанына тоқталды. Майданда сарбаздардың рухын көтеріп, өзінің жаужүректігін дәледеп, жақсы командир аталған ағамыз «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және «Москваны қорғағаны үшін» медальдармен марапатталған. Сәбит Мұқанов пен Мұхатар Әуезов сияқты қаламгерлердің арасында жүріп, өзі де соғыстағы достарына біраз кітап арнаған. Ауыз әдебиетіне, фольклорға, бала тәрбиесіне және де білімге деген құштарлығын жан-жақтан көрсетеді. Осындай адамнан неге жастар үлгі алмасқа? Баһадүр, білімпаз, ұстаз Мәлік Габдуллин ел есінде мәңгілік қалады. Сынып сағаты өте қызықты өтті, жас өспірімдер өз ойларымен бөлісті.
32 пар топ жетекшісі:
Курманова Кымбат Валихановна.