АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Рухани Жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру" Тұңғыш Президент күніне арналған конференция

26.11.2020

         Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыртуға жетелейтін бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше басымдықтарын айрықша атап айтқаны баршаға белгілі. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен  президент күніне орай өткізілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани Жаңғыру: Тарихи сананы қалыптастыру» халықаралық ғылыми конференциясына қатыстым. Конференцияға білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.  

Озық дәстүрлерді табысты жаңғырту арқылы жастарды ұлттық-рухани құндылықтармен сусындатып келеміз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда білім алушыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз.

тарих пәнінің оқытушысы Бектенова А.Ш.

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст