АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шоқан Уәлиханов мұрасы: Еуразия мәдениетінің синтезі» халықаралық ғылыми –теориялық конференция.

26.11.2020

Шоқанның жан –жақты терең білімді, кең ақылды, ұшқыр қиялды, аса ірі ғалым болғанын танытады. Халқымыздың дана перзенттері біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отыр. Сондай даналардың бірі – өткен ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани- әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым Шоқан Уалиханов. Оның бойында тарихшының, географтың, әдебиетшінің, тіл білімін зерттеушінің және жауынгердің таланты үйлесін тапты. Дүниені кезіп көргенше, рахат іздеп жатпаған.  Данышпан ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай Шоқан  қысқа ғұмыр кешсе де, көмбе көкірегене көп нәрсені түйген болатын. Шығыстану көгінде халқымыздың тарихи болмысының биігінде мәңгілікке жарқырап тұрған жұлдыз Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына (1835-1865 ж.ж) биыл 185 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов мұрасы: Еуразия мәдениетінің синтезі» халықаралық ғылыми –теориялық конференция өтті. Бұл шараға студенттер мен әр аймақтың белсенді беделді профессорлары мен ұстаздары топ білімгерлерімен белсене қатысты. Жоғары техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Бектенова А.Ш. және Қали Д.Ж. аталмыш іс шараға қатысып, сертификатпен марапатталды. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жастарымыз қоғам қайраткерлері мүдірмей жауап беріп, жақсы дайындалғандықтарын көрсетті. Шоқан Шыңғысұлының балалық шағынан бастап, өмірінің барлық белестері қызық пен құпияға толы.

    Қорыта келгенде, осындай тағылымы мол тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол....

                                                                                                                                                                             Тарих пәнінің оқытушысы: Бектенова А.Ш

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст