Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті" КММ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында "Бейне-сабақтар фестивалі" облыстық бейне-сабақтар байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау және насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру болып табылады. Байқауға барлығы техникалық және кәсіптік білім берудің 128 педагог қызметкерлері қатысты.Оның ішінде ЖТК-К алты оқытушысы: Аяпбергенов З.Ж., Бекмағамбетова З. К., Кабиденова Г. К., Калиева К. А., Лузгарева Н. В., Сейлбекова С. Ж.
Бекмагамбетова З.К., математика пәнінің оқытушысы, Калиева К. А., кәсіби орыс тілі пәнінің оқытушысы және Сейлбекова С. Ж., кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!
басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Д. У. Қожахметова