АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі - бабамның тілі, баламның тілі» атты облыстық онлайн бейнеролик байқауы

16.11.2020

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Қазақ тілі-бабамның тілі,баламның тілі» атты онлайн бейнероликтер байқауына «Электр-механик» мамандығының 1-курс студентім Мейрамов Асан қатысты. Бұл студентпен  сөйлескендер әуелде оның қазақ еместігіне аса сене қоймайды. Бірақ оның ұлты –орыс. Әкесі-орыс,анасы –татар. Туған қарындасына үлгі. Алайда Асанның жаны, жүрегі – қазақ. Түрі қазаққа аса келіңкірей бермейтін бала қазақша сөйлегенде талайды жаңылдырады, таң қалдырады. Оның балалық шағы өткен ауылда тұрғындардың 90 пайыздан астамы қазақтар болған. Сондықтан да, Асан отбасымен қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанған. Ауылдың шаңын жұтып, топырағына аунап өскен бала, Асанның қазақ тілінен басқа тілде сөйлеуі де мүмкін емес еді. Асан үнемі қазақтың қарадомалақ балаларымен тай-құлындай тебісіп, тоғыз құмалақ ойнап қатар өскенін айтып, мақтанады. Сондықтан, ешкімді кеудесінен итермеген Қазақ­станның мемлекеттік тілін білу өзінің де азаматтық борышы екенін түйсінеді. Ол іштей кең байтақ қазақ жерінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің барлығы да қазақ тілін меңгеруге тырысуы қажет деп үнемі ойлайды. Дүние есігін ашып, мекен еткен еліңнің тілін меңгеріп, салт-дәстүрін игеріп, әдет-ғұрпымен таныс болудың да өз артықшылығы бар екендігі сөзсіз. Сондықтан өз тілін өгейсітіп жүрген қаракөздерімізге үлгі болсын деген ниетпен қазақ тілін жетік білетін, ұлттық болмысымызды бағалайтын өзге ұлт өкілі жасай берсін ...

        Оқытушы: Бектенова А.Ш.

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст