АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген Хакатон

12.11.2020

2020 жылдың 10-12 қарашасында ZOOM онлайн-платформасында қашықтық форматта Ақмола облысының 7-11 сынып оқушылары арасында Хакатон өткізілді. Хакатонның тақырыбы "Виртуалды мектеп мұражайын құру және таныстыру", мақсаты: дарынды жастарды анықтау, қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеуіне, дамуына және қызығушылықтарын ынталандыру. Хакатон тақырыбы бойынша базалық білімді қалыптастыру, практикалық дағдыларды пысықтау, идеялар мен өнімдерді қысқаша баяндамалар және презентациялар (питчтер) нысанында ұсынуды үйрену.

Хакатонның міндеттері:

- оқушылардың IT-құзыреттіліктерін дамыту;

- білім беру үдерісінде жаңа IT технологияларды пайдалануға қызығушылықты арттыру;

- жас ұрпақтың білім беру үшін стандартты емес шешімдер мен тәсілдерді жасаудағы мүмкіндіктерін көрсету және т. б.

 Сарапшы ретінде "Ақпараттық жүйелер және бағдарламалау" бөлім меңгерушісі Тарасевич И. В. қатысты. Арнайы пәндер оқытушысы Абдыгапаров А.М. және "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының 4 курс студенті Валл Э. қатысып, студенттерге бағыт бағдар беріп отырды.

Жобаларды қорғайтын Хакатонның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!

бөлім меңгерушісі Тарасевич И.В.

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст