АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледжішілік "Бейне-сабақтар фестивалі" байқауының қорытындысы

12.11.2020

Техникалық және кәсіптік білімнің 80 жылдығы аясында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Көкшетау қаласының, Жоғары техникалық колледжінде" жалпы білім беретін және арнайы пәндер педагогтері арасында колледжішілік "Бейне-сабақтар фестивалі" байқауы өткізілді. Конкурс колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша тиімді тәжірибелерді ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады. Байқаудың мақсаты-заманауи педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру. Байқауға оқытушылардан барлығы 58 бейне-сабақ ұсынылды. Байқау қорытындысы және байқау комиссиясының шешімі бойынша жалпы білім беру пәндері арасында үздік бейне-сабақтар анықталды: 1 орын - Бекмагамбетова Замзагуль Кабиденқызы, математика пәнінің оқытушысы; 2 орын - Сейлбекова Саулеш Жамхурқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; 3 орын - Қалиева Қарлығаш Әміржанқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Арнайы пәндер бойынша анықталған үздік бейне-сабақтар: 1 орын - Лузгарева Наталья Викторовна, арнайы пәндер оқытушысы; 2 орын - Аяпбергенов Заиржан Жуматаевич, арнайы пәндер оқытушысы, 3 орын - Кабиденова Гаухар Кабдылкалиевна, арнайы пәндер оқытушысы болып танылды. Конкурстық комиссия бейне-сабақтарды белсенді әзірлеушілерді атап өтті: ө/о шебері Наталья Анатольевна Кузьмина, тарих оқытушысы Азамат Төлеубекұлы Рахимжанов, арнайы пәндер оқытушысы Александр Дмитриевич Хижняк, арнайы пәндер оқытушысы Айнұр Сағындыққызы Тоқтағанова.

Колледжішілік байқау жүлдегерлерінің бейне-сабақтары облыстық "Бейне-сабақтар фестивалі" байқауына қатысады. Әріптестерімізге жеңіс тілейміз!

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст