«Химия» пәні бойынша
«Ақуыздар» тақырыбына ашық сабақ
«Өмір– бұл ақуызды денелердің
тіршілік ету әдісі»
Ф. Энгельс
Жоғары колледжде 16-20 сәуір аралағында математика-жаратылыстану пәндері бойынша апталық өтіп жатыр. Сол апталық аясында 19 сәуір 318 кабинетте З-ТМК тобымен «Химия» пәні бойынша «Ақуыздар» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысы/Ход урока.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.(3 мин)
II. Үй тапсырманы тексеру кезеңі. (7 мин)
III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі. (3 мин)
IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.(45 мин)
V. Сабақты бекіту кезеңі. (15 мин)
VI. Қорытындылау. (3 мин)
VII. Үй тапсырмасы. (2 мин)
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу.
ә) түгендеу.
б) сабаққа дайындылығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен тақырыбты қайталап өтейік.(Сұрақ-жауап)
1. Қандай органиқалық қосылыстарды оқыдық?
2. Аминқышқылдар дегеніміз не?
3. Аминқышқылдарының құрамына қандай фунционалдық топтар кіреді? Тақтаға жазып, көрсетіңдер.
4. Аминсірке қышқылы және аминпропион қышқылының формуласын тақтаға жазып беріңдер.
5. Осы екі аминқышқылдарының бір-бірімен әрекеттесу реакциясын жазып беріңдер.
6. Бұл реакцияда түзілген қосылысты қалай атайды
ΙΙΙ. Жаңа сабаққа көшу кезеңі. (3 мин)
Жұмыртқа суретін (слайд 3) көрсетіп, тақтада не көріп тұрсыңдар? Жұмыртқа құрамында қандай коректік заттар болуы мүмкін? Әрине ақуыз. Ақуыздар биополимер қосылыстары болып келеді.( Ақуыз слайд 4). Полимер деген терминді біз білеміз, «поли» деген сөз «көп» деген мағананы білдіреді. Ендеше бүгін сабақта ақуыздың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін қарастыратын боламыз.
Сабақтың мақсатын айту (слайд 5)
1. Ақуыздар жайлы биология және химия курсында алынған білімдеріне жинақтап жетілдіру
2. Ақуыздың құрамын, құрылысын және қасиеттерін түсіну.
ΙV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.(40 мин)
1. Белоктар немесе протеиндер( грек. «протос» — «алғашқы»), — кез келген организмнің барлық тіршілікпроцестерін қамтамасыз ететін табиғи органикалық қосылыстар.
Ақуыздар аминқышқылдарының(RCHNH₂-COOH) қалдығынан құралған құрылысы күрделі жоғары молекулалы биополимерлер. (слайд 7 жазғызу. Слайд 8,9,10 түсіндіру.)
1. https://bilimland.kz/ru сайтынан пептидтік байланысты көрсетіп, тапсырма орындау.
2. https://bilimland.kz/ru сайтында 2,3 бет ақуыздардың қызметтерін көрсету. Содан кейін слайд 11,12,13,14,15,16 түсіндіру.
3. Ақуыздардың құрылымын түсіндіре отыра, кесте толтыру. (слайд17,18,19кесте,20,21,22, 23)
1. Ақуыздардың физикалық қасиеті және ақуыздың денатурациясы (слайд 24, 25) https://bilimland.kz/ru сайтында 5 бет . Ақуыздарға қандай факторлар әсер етеді?
V. Сабақты бекіту кезеңі. (15 мин)
Тест тапсырманы орындау.
VΙ. Қорытындылау. (3 мин)
Бағалау
VΙΙ. Үй тапсырмасы. (2 мин)
1. Химиялық қасиеттерін қайталау
2. Мына өзгерістерді іске асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар: C₂H5NH₂→A→Б→ C₂H5NH₂. А және Б заттарын ата.