АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім- жаңалық бастауы

09.11.2020

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

  Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабағымызда қолданудамыз және жаңа білімді білім алушыларға меңгертудеміз. 

Жаңартылған білім берудегі негізгі мақсатымыз- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Өмірдің барлық салаларында табысты болулары үшін білім алушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында оқытушылар тынымсыз еңбектенуде.

Қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы ретінде мен үшін бұл әдістемені  қолданып  сабақ өткізу өте  тиімді. Жаңа мазмұнда оқытудың бастапқы идеясы білім алушыларды механикалық   деңгейдегі сұрақтардан туындайтын  жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын  «Бүгін мен................... білдім. Маған .................қызық болды. Маған ...................қиын болды. Мен .........................түсіндім. Енді мен ...........қолдана аламын. Мені.................таңқалдырды» деген сияқты  сөйлемдерді жалғастыру арқылы сабақтың қорытындысын шығарып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын, өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Сонымен қатар, сабақтар  білім алушылардың диалогымен, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасуда. Мүмкіндігіне қарай  әр сабақта ақпараттық- коммуникативтік  технологияны қолдану тиімді де, қызық. Қорыта айтқанда, жалпы білім беру мазмұнын жаңарту арқылы әр педагог бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеп шығады деп ойлаймын.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  оқытушысы Сейлбекова С.Ж.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст