АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибеден өту кезінде коронавирустың алдын-алу

06.11.2020

Колледждегі білім алушылардың тәжірибеден өтуі   ТжКБ негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және теориялық оқыту үдерісінде алынған білім мен құзыреттілікті тереңдету, бекіту, білім алушылардың кәсіби жұмыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес студенттер тәжірибеден колледж базасында, заманауи жабдықтармен жабдықталған шеберханаларда коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары мен ережелерін сақтай отырып өтеді.

2020 жылдың 23 қазанында "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының 3 курс студенттерімен ЖТК-К 3 корпусында З-ТМ-18-9 тобының кураторы А.А. Габдуллиннің басшылығымен коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатына топ студенттерінің бір бөлігі қатысты. Топтың қалған бөлігі кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, өндірістік шеберханаларда оқу практикасынан өтті.

Тыңдаушыларға "Коронавирустық инфекция. Эпидемиология, клиника, диагностика, емдеу және алдын-алу". Топ кураторы 2019-nCoV инфекциясының клиникасы мен алдын-алу туралы айтып, ДДҰ-ның коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша стандартты ұсыныстарын ұсынды. Ол міндетті түрде бетперде киюге, 1,5 метр қашықтықты сақтауға, қолды үнемі жууға және бөлмелерді желдетуге назар аударды.

 

Топ кураторы А.Габдулин

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст