Көкшетау қаласының, Жоғары техникалық колледжінде диплом алдындағы тәжірибе оқу процесінде ең қажетті және маңызды элементтердің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың қызметімен танысуға, сондай-ақ оқу процесінде алынған теориялық және практикалық білімді белгілі бір кәсіпорында бекітуге мүмкіндік беріледі. ТС-16-2 тобының студенттері Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрылыс кәсіпорындарында тәжірибеден өтті. Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты теориялық және практикалық білімді бекіту және кеңейту, мамандық бойынша кәсіби жұмыс дағдыларын игеру, дипломдық жұмысты дайындау. Дипломалды тәжірибені қорғау онлайн режимде тәжірибе меңгерушісі Н.А. Кузьминаның басшылығымен, колледж басшысының өндірістік және оқу тәжірибесі жөніндегі орынбасарлары Н.Е. Ибраевтің және В. В. Гапеевтің шақыруымен өтті.
ТС-16-2 тобының кураторы Кожахметова Г. К.