АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау бойынша алдын алу шаралары (COVID-19)

02.11.2020

- Қол гигиенасын сақтаңыздар! Таза қол - вирустың таралмайтындығына, аузыңыз бен мұрныңызға тигізгенде өзіңізді, заттардың беткіқабаттарын ұстау арқылы айналаңыздағы адамдарға жұқтырмаудың кепілі. Мүмкіндігінше жиі, әсіресе қоғамдық көлікті пайдаланғаннан кейін, кез-келген көшеге және қоғамдық орындарға барғаннан кейін, тамақтанар алдында және тамақтанғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе қолыңызды тазалайтын құрал қолданыңыз. Қолыңызды кез-келген ортада тазарту үшін қолыңызға зарарсыздандыратын немесе дезинфекциялайтын майлықтарды алып жүріңіз. Бұл қарапайым әрекеттер сіздің қолыңыздан вирустарды жояды.

- Тұрмыстық жуу құралдарын қолданып, үнемі өзіңіз тұратын бөлмені, заттардың беттерін тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз. Алдымен есік тұтқаларына, үстелдерге, орындықтарға, компьютер пернетақталарына және тышқандарға, телефон аппараттарына, басқару панелдеріне, кеңсе жабдықтарының панелдеріне және күнделікті өмірде және жұмыста ұстайтын заттарға назар аударыңыз. Заттардың беткіқабаттарын таза ұстау – бұл қарапайым, бірақ маңызды ережелердің бірі! Бөлмені жиі және үнемі желдетіп, сіз тұрған бөлмедегі кез-келген қол жетімді құралдармен ауаны ылғалдандырыңыз.

- Денсаулығы нашар болып көрінетін, респираторлық инфекция белгілері (мысалы, жөтелу, түшкіру) бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз. Амандасқанда қол алысып, сүйісуден аулақ болыңыз (ӨРИ маусымы аяқталғанға дейін). Есіңізде болсын, респираторлық вирустар науқас адамнан сау адамға ауа тамшысымен (сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде) жұғады. Сондықтан респираторлық инфекция белгілері бар адамдардан кем дегенде 1-1,5 м қашықтықты сақтауға тырысыңыз.

- «Тыныс алу әдебін» сақтаңыз: түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды матамен (орамалмен) жабыңыз; бір реттік қағаз майлықтарды (орамалдарды) қолданыңыз және оларды қолданғаннан кейін лақтырыңыз; салфетка (орамал) болмаған жағдайда, жөтелгенде немесе түшкіргенде қолыңыздың шынтағына түшкіріңіз; жуылмаған қолмен мұрынға, ауызға және көзге қолыңызды тигізбеңіз.

-Медициналық бетпердені пайдаланыңыз, егер: Егер сіз респираторлық инфекциямен ауыратын адамға күтім жасасаңыз, сіз респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен байланыста болуыңыз мүмкін.

МАҢЫЗДЫ! Медициналық бетперделерді қолданған кезде келесі ережелерді сақтау керек: қолды алкогольге негізделген өніммен өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз. Бетпердені байланған жерінен немесе серпімді белдеулерден ұстап тұрып, оны ақ жағын бетіңізге қарай жақындатыңыз және оны серпімді белдеулермен беттің төменгі бөлігі, ауыз бен мұрын толығымен жабылған күйде бекітіңіз. Соңында, икемді жолақты (мұрын қыстырғышын) қажетті пішінге келтіріңіз, бетперденің бетке жақсы орналасуын қамтамасыз етіңіз. Бетпердені алдыңғы жағына тигізбестен, артқы жағындағы байламдарды (серпімді жолақты) ұстап, бетпердені бетіңізден алыңыз. Алынған бетипердені қоқыс жабылатын контейнерге тастаңыз. Қолды сабынмен немесе құрамында спирт бар құралмен жуыңыз. Қажет болған жағдайда 1-3 кезеңдерді ескеріп бетіңізге бетпердені киіңіз.

МАҢЫЗДЫ! Бетпердені екі сағаттан артық қолданбаңыз. Бетперде суланып, ылғалданып қалса, оны қолданғаннан кейін екі сағат өтпесе де, дереу ауыстырыңыз. Бекітілген бетпердені қолыңызбен ұстамаңыз. Қолданылатын немесе қолданылған бетпердеге қолыңыз тигеннен кейін сабынмен немесе құрамында спирт бар заттармен қолыңызды жақсылап жуыңыз. Бір реттік бетпердені қайта пайдалануға тыйым салынады. МАҢЫЗДЫ! Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Егер сізде жоғары температура, жөтел немесе тыныс алу қиындықтары болса, медициналық көмекке жүгініңіз және алдын-ала қоңырау шалыңыз. Егер сізде респираторлық инфекцияның, оның ішінде тұмау және коронавирустық инфекция (дене қызуы, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, мұрын бітелуі, конъюнктивит, жөтел, ентігу, бұлшықет және дененің ауыруы) белгілері пайда болса үйге дәрігер шақырыңыз.

Просмотров: 209


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст