Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары Карибаева Р. К., Каримов А. С., Нигматулина Ю. Е., Попов И. В., Шамилова Д. Б. стандарттау жөніндегі ұлттық орган ұйымдастырған "Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру" тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту форматымен оқыту семинарына қатысты.
Семинар 2020 жылдың 20 қазанынан 22 қазаны аралығында өтіп, семинар шеңберінде мынадай өзекті тақырыптар қаралды: "Стандарттау саласындағы заңнама", "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері", "Стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы қолдану арқылы отандық өнімнің сапасын арттыру", "Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау".
Колледж педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Ақмола филиалымен өзара серіктестікті жалғастырады.