Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен – педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады. Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледж оқытушылары жеке шығармашылық кеңістігін шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға әрдайым үлес қосады. Тарих пәнінің оқытушысы Бектенова Аяжан Шотпаевна ЭМ-20 тобының студенттерімен PROGRESS республикалық интеллектуалды білім орталығы ұйымдастырған онлайн пәндік олимпиадасына қатысып сертификаттармен және барлық он қатысушы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өндірістік оқыту шебері Жетписбаева Ботагоз Баймуратовна Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік ұстаз - 2020» байқауына қатысып, жұмыстары үздік деп танылып «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен және дипломмен марапатталды.