«Сәулет өнері » бөлімінің А-20 тобының студенттерімен Көкшетау қаласы тарих мұражайы қызметкерлерінің шақыруымен «Ескі Көкшетау қаласына назар аударайық!» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты: студенттерге ежелгі Көкшетау қаласы іргетасының қалыптасу тарихы, қала сәулетінің өзгешеліктері, мәдениеті жайлы және де сол замандағы қала тарихынан қызықты тарихи оқиғалар туралы мәліметтер беру, таныстыру.
Кездесу барысында ұражай қызметкерлері төмендегідей тақырыптарға толығырақ тоқталды: «Ескі қалаға саяхат жасау», «Фронттағы хаттар», «Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Көкшетау», « Тас ғасырындағы – тарих», «Көкшетау қаласының ескерткіштері», «Қөкшетау қаласының ескі ғимараттары». Бұл кездесуден студенттер өте көп ғылыми мағлұматтар мен тарихи деректеді біліп, қаланың өткені мен бүгінгі келбетін салыстырып, өздері тамаша әсер алды деп айтуға әбден болады.
Топ жетекшісі: Рахимжанов Азамат Төлеубекұлы