АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бірлік" жас мамандар клубының вебинары

16.10.2020

          Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде "Бірлік" жас мамандар клубының кезекті вебинары онлайн режимінде өткізілді. Клуб жетекшісі Нурахметова М.Ж. "Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге әдістемелік ұсынымдар"  атты вебинар тақырыбымен кіріспе сөз сөйледі. Жас педагогтарға әдістемелік, практикалық қолдау көрсету, тәлімгерлермен тәжірибе алмасу мақсатында оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) әзірлеу, цифрлық білім беру ресурстарын (ЦББР) және бейнесабақтарды құру мәселесі қаралды. Тәлімгер, арнайы пәндер оқытушысы Лузгарева Н.В. бейне сабақтарды құрастыруға арналған ресурстарды ұсынып, барлық кезеңдерін түсіндіріп шықты. Тарих пәнінің оқытушысы, тәлімгер Кожахметова Г.К. цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Өндірістік оқыту шеберлері және тәлімгерлер Жетписбаева Б.Б. мен Попов И. В. өндірістік оқыту бойынша нұсқаулық карталар мен үлестірме материалдарын көрсетті. Жас әріптестерге кәсіби өсу үшін әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст