Қазіргі заманның педагогы шынымен де шығармашылық адам. Шығармашылық тұлғаның негізгі қасиеттеріне шығармашылық мақсат қоя білу және оған жету, ойды тез ауыстыра білу, өз іс-әрекетін жоспарлау және өзін-өзі басқара білу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы кәсіби шеберлікті арттыруға ұмтылу сияқты қасиеттерді жатқызуға болады. Қашықтықтан оқыту заманауи білім беру жүйесінде кеңінен таралуда. Қашықтықтан оқыту кезеңінде Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің оқытушылары әр түрлі Республикалық олимпиадаларға белсенді қатысып, педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту деңгейін жоғарлатты. Мұндай оқытушылардың бірі болып АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Сейтқасымов Е.А., математика пәнінің оқытушысы Жакишева С.А., сонымен қатар өндірістік оқыту шебері Садуова А.Н. белсенді қатысып, өз жұмыстарын «Ұлағатты ұстаз әлемі» Республикалық педагогикалық порталының сайтында жариялады. Аталмыш оқытушылар дипломдармен, сертификаттармен және мақалаларының басылымы туралы куәліктермен марапатталды.
СҒЖБ "Зерде" жетекшісі Азанова Г.К.