05.10.2020
Ұстаздар және кәсіптік – техникалық білім беру жүйесінің қызметкерлері күніне орай Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің басшысы Акнур Кабиденовна Еслямова мерекелік онлайн жиын өткізіп, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Өз сөзінде: «Адам бойындағы ең асыл қасиеттер – ізгілік пен білімділік дейтін терең мәнді сөз бар. Ал адам жанына осы асылды дарытушы – Мұғалім.
Ұстаздар күні және кәсіптік – техникалық білім беру жүйесінің 80 жылдық мерейтойы - өмірдегі орны бөлек, ең ұлық мереке. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің көңілдеріңіз əркімнің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады» деп, құттықтау сөзін өлең жолдарымен аяқтады:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы!