АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтің өздігінен білім алуы-оқу үдерісінің басты бөлігі.

01.10.2020

Қазіргі кезде әлемде болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласына  өзгерістер қарқынды еніп жатыр.  Бүгінгі таңда басты назар қашықтықтан оқытуға бағытталған. Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің педагогтары өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін іздеуде. Осындай оқытушылардың бірі: арнайы пәндер оқытушысы Мустафина А. К. және жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Рахимжанов А. Т. және Сейткасымов Е. А. болып табылады.

А. К. Мустафина "Қазіргі педагогикалық білім: тәжирибелер, инновациялар және теориялар" ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, үздік ғылыми-әдістемелік жұмысы үшін алғыс хатпен марапатталды, "Білімді педагог" II Республикалық қашықтық конкурсында 3 орын алды, «Информатиканы оқытуда инновациялық білім беру құралдарын пайдалану" ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды, педагогтарға арналған информатика бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды. "Қашықтықтан оқыту: процесті ұйымдастыру және тегін қосымшаларды, курстар мен видеолекцияларды пайдалану", "Оқу қызметін ұйымдастырудың нысандары", "Қашықтықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін" біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Әдістемелік жұмыстарын білім беру БАҚ беттерінде жариялап "Үздік мақала", "Үздік презентация" үшін сертификаттармен марапатталды.

Тарих және география пәнінің оқытушысы А.Т. Рахимжанов эко-белсенділер мен мұғалімдерге арналған "Экологиялық сауаттылық" атты онлайн семинарға қатысып сертификатпен марапатталды. "Қашықтықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру үдерісін ұйымдастыруға дейін" тақырыбында біліктілігін арттырды.

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Е.А. Сейтқасымов педагогтарға арналған "Ең үздік мұғалім - 2020" республикалық қашықтық фестивалін өткізу аясында өзінің педагогикалық тәжірибесін таратқаны үшін дипломмен марапатталды. "Ұлағатты ұстаз" республикалық порталының сайтында ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесін жариялап өзінің тәжірибесімен бөлісуде. "Қашықтықтан оқыту: Сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін" тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст