30.09.2020
Топта жақсы қөңіл-күй мен ымыраластық болса, оның кез-келген істе көрсеткіштері жоғары болатыны белгілі.
Жақсы психологиялық жағдай оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Кез-келген адамды жеке тұлга деп қарастырған жөн. Өйткені оның өзіне тән мінезі, өмірге деген көз қарасы жеке ойы болады. Бұған қоса қоғамды біз әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын адамдармен қарым-қатынас жасаймыз.
Әлеуметтік ортамен қалай тығыз қарым-катынас жасауға болады?
Қоршаған ортаға, өзге жағдайларға бейімдеу үшін, психологиялық икемділік болуы шарт.
Жатаханада тұратын студенттермен тренингтер өткізу арқылы олардың топта жұмыс істей білу қабілеттерін, ұжымға бейімделуін қарастырдым.
Балалар өздерінің ұжымда жұмыс істей білуін, өздерін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін көрсетіп ойларымен бөлісті.
Топта жумыс істей білу-бұл қарым-қатынас жасаудағы негізгі жетістік болып табылады!
Педагог-психолог Е.Е. Бобкова


