АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Цифрландыру және заманауи көзқарас

28.09.2020

        Цифрландыру - "цифрлық алшақтықтың", "цифрлық азаматтықтың", "цифрлық әлеуметтенудің"  жаңа әлеуметтік жағдайы.  Білім берудегі негізгі өзгерістер білім беруді цифрландырумен байланысты. Цифрландыру процесінде оқыту құрылымы мен білім беру үрдісін ұйымдастыру түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер білім беру мекемелерінен тез бейімделуді, ойлауды, оқытудың нысандары мен тәсілдерін қайта құруды, цифрландырудың жаңа трендтерін енгізуді талап етеді.

     Бүгінгі әлемдегі жағдай, "пандемия" жағдайы бүкіл әлемді, оның ішінде Қазақстанға цифрландыру процесімен қатар жүруге мүмкіндік берді. Мұндай өзгерістер біздің Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжіне де әсер етті. Колледж басшысы А.К.Еслямованың тәжірибелігі мен педагогикалық құрамның белсенділігі, шығармашылық көзқарасы, икемділігі мен тез өзерістерге бейімділігі арқасында өзгерістер болып жатыр. Біздің колледж қашықтан оқытудың-бейне-онлайн сабақтарын, тестілеуді, фейсбук, Zoom, Google Classroom қосымшалары мен бағдарламаларындағы вебинарларды, Microsoft Teams, сондай-ақ колледж  SmartNation.kz -порталы сияқты нысандарды пайдаланады.

         Жаңа инновациялық технологияларды әзірлеу мен пайдаланудағы басты фактор қазіргі заманғы компьютерлік техниканың, колледжде бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құруға арналған желілік жабдықтың, заманауи бағдарламалық қамтылымның болуы болып табылады.

Біздің колледждің оқытушылары жыл сайын тұрақты негізде біліктілік деңгейін арттыру курстарынан өтеді. Оның ішінде IT-оқыту курстары оқу процесінде жаңа мүмкіндіктерді қолдануға мүмкіндік береді, оқытушылар мен оқушыларға заманауи талаптар мен заманауи трендтерге сәйкес болуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық ресурстардың қарқынды даму жағдайы техникалық құралдар паркін үнемі жаңартуды талап етеді. Біздің колледждің "ЖАС МАМАН" жобасына қатысуы,  колледждің материалдық базасын нығайтып қана қоймай,  бәсекеге түсе алатын және тек Қазақстанда ғана емес елдердер де сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауда үлкен перспективалар ашады. 

         Колледждің кабинеттері мен шеберханаларын жабдықтау да жүзеге асып жатыр, олар оқытудың заманауи талаптарына сәйкес келеді. Кәсіптік дағдылар мен біліктерді алу бойынша оқу тәжірибесін ұйымдастыру үшін жоғары техникалық колледжде қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған шеберханалар бар: слесарлық, автомобиль шанақтарын жөндеу және бояу бойынша, дәнекерлеу өндірісі,  механикалық,  әрлеу жұмыстары, бөлшектеу-монтаждау, ағаш өңдеу, ағаш ұстасы,  ІЖҚ және жеңіл автомобильдердің жүріс бөлігін жөндеу бойынша учаскісі, оқу-өндірістік гараждар және "HAAS"оқу-өндірістік орталығы.  

       Жақын арада  дәнекерлеу технологияларының оқу-өндірістік орталығы,  мехатроника бойынша оқу орталығы, технологиялық жабдықтарды автоматтандыру және баптау жөніндегі оқу-өндірістік орталығы, автокөлік құралдарының шанақтарын жөндеу жөніндегі оқу орталығы,  жиһаз өндірісінің оқу-өндірістік орталығы,  құрылыс технологияларының оқу-өндірістік орталығы, аддитивті технологиялар және дизайн оқу-өндірістік орталығы,  Data және Steam технологиялары оқу-өндірістік орталығы,  "Ақылды үй"  инфрақұрылымының операторы мен жөндеушісінің оқу-өндірістік орталықтары орнатылатын болады. Осындай өзгерістердің арқасында колледждегі оқу үдерісі цифрландырудың жаңа элементтерін пайдаланудың жаңа деңгейіне шығады және оқыту үрдісін  ұтқыр, автоматтандырылған және неғұрлым икемді етеді,  жаңа байланыс арналарын пайдалану кезінде мәселелерді шешу тез және үйлестірілген болады, сондай-ақ қағаз тасымалдаушылардан жартылай бас тарту және оқытудың жаңа жүйелерін әзірлеу, сондай-ақ оқу процестерін әкімшілендіру және бақылау жөніндегі бағдарламаларды қолданады.  Бұл оқушылардың білімге және оқу икемділігіне тең және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Біздің колледж жыл сайынғы WorldSkills Kazakhstan байқауының платформасы болуға лайық. Бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік.

Арнайы пәндер оқытушы Мухаметжанова С. М

 

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст