Рухани байлық – адамның адами тұғырнамасы.
Адамның осы дүние үрдістерін терең және жанжақты түсінуінің деңгейі оның рухани даму деңгейіне тікелей байланысты, сондықтан да Елбасымыз « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында : «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім.» дейді. Әрбір
оқытушы өзінің бар жұмысын сол бағыттар бойынша қойылған мәселелерді шешуге арнауы қажет.
Гео-15 тобында куратор сағатының тақырыбы: « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы . Қазақ тілі оқытушысы болғандықтан біз әрбір оқу материалынан өзекті, бүгінгі өмірмен салыстыра отырып, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық беруіміз қажет. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымды білдіреді. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Осы бағытта әрбір сабақта оқу материалының мазмұнына қарай тереңдете мәлімет іздеуге бағыттап, ақпараттық , коммуникативтік, интерактивті т.б. әдістемелік тәсілдерді қолдана отыра, студенттерге қызызықты түрде сұрақтар қойып, немесе фильмді синхронды аударма жасатқызып, немесе тақырып бойынша слайдшоу жасап, пікірталас түрлерін сабақта қолданып, мысалы қазақ батырлары өткен кезде, қазақ батырларын бүгінгі еліміздің батырларымен салыстыру жағдайын әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, бүгінгі күнмен салыстырып, дебат ретінде де сабақты өткізуге болады. Қазақ жерінің көне қалаларын өткен кезде де әр студенттің патриоттық сезімін оятып, нығайтуға көп назар аударамыз.
«Қазақ жерінің тарихы бай Отырар қаласы» – сабақ тақырыбы
Рухани бай, мәдени және қасиетті қазақ жерлерімен таныстыру мақсатында сабақта ежелгі Ботай мәдениетімен, оны тарихымен, сол қонысты алғашқы ашқан ғалым Н.Ф Зайберт және басқа белгілі археолог ғалымдар туралы мәліметтермен таныстырып, слайд шоу жасап көреміз.
Ежелгі үйдің ішкі көрінісі
Қазақстан ғалымдары Ботай қонысында.
(сол жақтан үшінші қонысты алғашқы тауып зерттеген тарих ғылымының докторы
В.М.Зайберт, төртінші Түркістан археология институның директоры С.Ж.Жолдаспаев)
Қазақ тілінің Латын әліпбиіне көшуі туралы жасалып жатқан іс-әрекеттерге дұрыс түсініктеме жасаған, студенттерге оның тиімді жолдарын көрсеткен жөн. Бұл мақсатта сабақта қазақ жазба тілінің тарихымен тереңірек таныстыру оң нәтижесін береді, яғни ежелгі Руна жазуынан, Тоныкөк, Күлтегіннен бастап, ислам дінімен араб графикасының келуі туралы, содан кейін Ахмет Байтұрсыновтың латын әліпбиін көрсетіп, бүгінгі заман талабы –көптеген елдердің бүгінгі қолданатын латын әліпбиіне көшу екенін дәлелдеу қажет.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Қортындылай келе, Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты.