АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілге құрмет- елге құрмет

11.09.2020
Тілге құрмет- елге құрмет
Тіл әрбір ұлттың жаны, мінез құлқы, пейілі, оның ғасырлық тарихы.Қазақ тілі- өте оралымды,айшықты, өрнекті, бай және бейнелі тіл. Көпұлтты Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі–қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді.
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні аясында Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің студенттері арасында түрлі іс- шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.Сондай іс шаралардың бірі: «Мен сүйемін өз тілімді!» атты мәнерлеп оқу сайысы.Сайыстың мақсаты болашақ мамандардың бойында ана тілімізге, әдебиетімізге ,салт- дәстүр мен әдет ғұрпымызға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Есентурова Б.С.
Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст