АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілі-мемлекеттің тұғырлы тірегі»

09.09.2020

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

       Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
      Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК ағымды жылдың 7 қыркүйек күні А-19 тобында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Қазақ тілі-мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты сынып сағаты өтті. Аталмыш сынып сағатында Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін Яковлева Александра, Д.Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін Алишер Бектасов, І.Құрмаштың «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» Аружан Кошкинбаева, Н.Айтұлының «Ана тілім» өлеңін Кулиш Анастасия мәнерлеп жатқа айтты.

                                                                                                                                            Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Арыстанова А.К.

 

 

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст