АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы

27.08.2020

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қатысуымен «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы онлайн режимінде өтті Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиев, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М.Бекмағамбетов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, аудандар мен Степногорск және Көкшетау қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) әдістемелік қызметінің меңгерушілері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, облыс мұғалімдері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Тамыз конференциясына ЖОО ректорлары, республикалық, облыстық мемлекеттік ұйымдардың басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім және ғылым кәсіподақ ұйымының өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылды. «Осы кезеңде педагогтердің алдында оқытудың тиімді және қызықты процесін ұйымдастыру бойынша күрделі міндет тұр, балаларды қызықтыру және олардың уәждемесін арттыру, дербестік және өзін - өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту қажет» - деп атап өтті өз сөзінде Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев. Пленарлық бөлімнің жұмысында мектепке дейінгі заманауи педагогтың кәсіби портреті, қашықтықтан оқыту-қосымша білім беруді дамытудың жаңа векторы, білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелері қарастырылды. "Аудан, қала әкімдері білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп, білім беру нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелерін егжей - тегжейлі пысықтауы қажет", - деп тапсырды Е.Маржықпаев.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст