АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтардың республикалық байқауларға қатысуы

26.08.2020
Қазіргі таңда колледж оқытушылары қашықтықтан оқыту әдісін еңбек демалысы кезінде ұтымды пайдалануда. Ұстаздармен қатар білім алушыларымыз түрлі республикалық дәрежедегі білім байқауларынан орын алып, бізді қуантуда. Үнемі ізденіс үстінде жүретін оқытушыларымыздың бірі- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы жуырда қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом және облыс бойынша ІІ орын мадақтамасы, аудан бойынша І орын мадақтамасымен марапатталды. USTUDY ұжымы мен БІЛІМ ӨРКЕНИЕТІ ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері», «Білім беру ісінің үздік педагогі- 2020» атты республикалық байқауларына қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, ТМ-19тобының студенті Әбенов Саят Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сіздерді осындай жемісті жеңістеріңіз жаңа шығармашылық бастамаларға жетелей берсін!
 
Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст