АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтардың республикалық байқауларға қатысуы

26.08.2020
Биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Сол байқауларға колледждің оқытушылары мен студенттері де белсене қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Таттыбаева Айжан Боранбаена "Білім айнасы" республикалық ғылыми-танымдық газетінің ұйымдастыруымен өткізілген қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай –дара қазақта!» атты республикалық конкурсқа қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Ұстаз байқауға "Абай –тұтас бір халықтың рухани әлемі" атты мақаласын ұсынған болатын. Конкурс материалдары жинақ болып басылып шықты.
Сонымен қатар «Абай мұрасы» танымдық порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы» атты шығармашылық байқауында Жоғары техникалық колледждің 1 курс студенті Азамат Ұлан және 2 курс студенті Ығзам Сапарғали жүлделі бірінші орынды иеленсе, Байдюсенов Дамир 2-орын иеленді. Ал студенттердің жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Таттыбаева Айжан Боранбаевна құрмет грамотасымен марапатталды.
Жазғы демалыс кезінде Таттыбаева А.Б. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Білім беру ісінің үздік педагогы-2020" атты республикалық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Айжан Боранбаевна қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар ие болды.
Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст