ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында “Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сондықтан бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр”, – деп атап өтті. Біз жақсыдан үйреніп, қиын кезеңде ғұламаларымыздың өсиеттеріне үңілуіміз қажет. Бұл бізді жаңа биіктерге жетелейді.
Ғылым мен білімді насихаттап, өмірін ағартушылыққа арнаған Абай атамыздың өлең жолдары, қара сөздері қай заманда болсын өзектілігін жоғалтпайтыны анық...
"Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз".