Бүгін - Халықаралық жастар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекітілген. ⠀ Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үкілі үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды. ⠀ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үнедеуінде: «Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі» -деген. ⠀ «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты барлық еліміздің жастарын Халықаралық Жастар күні мерекесімен құттықтайды! ⠀ Жастық – бұл нағыз ерліктің, ақыл ойдың, жігер мен намыстың, қайрат пен білімпаздықтың жасы. Әрдайым белсенді қалыптарыңыздан танбаңыздар. Талапты, мақсатшыл, табысқа жету жолында аянбайтын еліміздің ертеңі - жастар, тариxты жазатын сіздер!