АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктеммен бірге көңілімізді жаңартайық!!!

24.03.2017

Көктеммен бірге көңілімізді жаңартайық!!!

Қаһарлы қыстан кейін тіршіліктің бәріне жан бітіріп, көктем келеді. Ата-бабамыздың данышпандығына еріксіз таңғаласыз: қазіргі тілмен айтқанда көктемгі күйзелісті жеңу үшін сезімді селт еткізетін Наурыз мерекесін ойлап тапқан. Соңғы сақтаған сыбағасын асып, көктеуде бас қосып, қыстан аман шыққандарын тойлаған. Әрі қарай той тойға ұласып, жалғасып кете берген. Осы бабаларымыздың жолымен біз де көктеммен бірге көңілімізді жаңартайық!

Адамдар да қалың киімдерін тастап, алуан түрлі әдемі киімдерін киіп, көшенің сәнін келтіреді. Алайда сіз бірнеше күн бойы еңсені зілдей басқан ауыр ойлардан арыла алмай, басыңыз ауырып, ұйқыңыз қанбай, ешкіммен сөйлесуге де зауқыңыз соқпай, шаршай бересіз... Көктемгі күйзеліспен қолдан келгенше күресіп көрейік...

     

Өзіңізге қуаныш сыйлайтын нәрсені табыңыз, яғни, хоббиіңіз қандай? Одан гөрі егер сіз өз хоббиіңізді тапсаңыз, қолыңыз бос кезде сонымен айналысуыңызға, тіпті бірте-бірте соны бизнес көзіне айналдыруыңызға болады. Бизнесмендердің тарихына көз жүгіртсеңіз, оған көзіңіз жетеді.

     

Ертеңгілік сергіту жаттығуларын жасаңыз. Денеңіздің құрыс-тырысымен бірге көңіліңіздің де тырысқаны жазылып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Ол үшін әдеттегіден 15 минутқа ертерек ояныңыз. Күн ұзарып келеді, таңмен бірге таласып оянатын шақ та жетті.

     

Классикалық музыка не көңілге жағымды музыка тыңдаңыз. Домбыраның қоңыр үні, қобыздың сызылған үнінің сырларына үңіліңіз.

     

Кітап оқыңыз. Адамның рухани өсуіне арналған кітаптар көп-ақ. Бұл уақыт өткізу үшін емес, даналығыңызды дамыту үшін. Ондағы айтылған қағидаларды іске асырып көріңіз.

     

Әртістік рөлді орындаңыз. Кімге еліктейсіз? Кімге ұқсағыңыз келеді? «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, өзіңізге ұнайтын адамның рөлін сомдауға тырысыңыз. Бұл да өзіңізді басқа қырынан көруге көмектеседі.

     

Киімді өзгертіңіз. Қазір кейбір дүкендерде жеңілдіктер жүріп жатқан болар. Сондықтан қай киімдер керек екенін әбден ойластырып, қаражатыңызды сайлап, weekend күндері дүкендерді аралаңыз.

     

Шаш үлгісін өзгертіңіз. Алдымен фотошоп арқылы не визажиске барып, қандай шаш үлгісінің жарасатынын

анықтап алыңыз, сол бойынша шашыңызды қидырыңыз. Егер көзілдірік тағатын болсаңыз, оны да өзгертіңіз немесе линза киіп көріңіз.

     

Үйге күтім жасау. Үйдегі жиһаздардың орнын ауыстырып, фэн шуй бойынша қоя аласыз. Перделерді жуып, еденді тұз салынған сумен жуып шықсаңыз, баспанаңыз бір "сергіп" қалады.

     

Өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Бет-жүзіңізге, шашыңызға маскалар жасап, денсаулыққа пайдалы шөп, эфир айлары қосылған ванналар қабылдаңыз. Дәрумендер қабылдаңыз. Көктемде кейбір адамдарда дәрумендердің жетіспеушілігінен әлсіздік, қаны аздық, арушаңдық байқалады.

 

Жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма? Мүмкін тіпті жұмыс ауыстыру қажет болар. 

 Егер өміріңізде көп қаражат талап ететін жайт пайда болса, оған ренжімеу керек, бұл сізге арналған "өміріңізді өзгерту керек" деген ишарат. Сондықтан тек алға!

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст