Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Көкшетау жоғары техникалық колледжін бітірген соң, алған білімімді Көкше-цемент кәсіпорнында қолдануға мүмкіндік алдым. Құрылыс инженері ретінде тәжірибе мен білім алып, қазіргі уақытта білім беру саласында да қолданатын 3D модельдеу бағдарламаларын қолданамын. Мен өз дәрістерімде студенттердің өз бетінше білім алып, сұрақтарына жауап таба алатындай бағыт бағдар беріп отырамын.
Оқытушы мен білім алушы арасында үздіксіз педагогикалық процесс орын алуы тиіс. Тек еңбек пен шығармашылық болған кезде педагогикалық процесс жоғары деңгейге жетеді.
Ұстаз - тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.
Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.
Асылбеков А. Р.
арнайы пәндер оқытушысы