Елбасымыздың «Жаңа адамды-жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді» және « Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап өткен. Сондықтан бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру елімізде көкейкесті мәселесі болып отыр. Бәсекеге қабілетті студенттерді тәрбиелеу, олардың бойына отансүйгіштік сезімдерін ұялату, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін заманауи талаптарға сәйкес жаңартып, олардың кәсіби қазақ тілінен мамандықтары бойынша біліктіліктерін қалыптастырып, болашақта кәсіби терминдерді ұтымды пайдалануға машықтандырамын.
Жаңашыл мұғалім болу - заман талабы. Сондықтан өз сабақтарымда инновациялық білім –әдістермен танысып,үйреніп, қолдануға тырысамын. Кәсіби қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде инновацияны ұтымды пайдаланумен сабақтастырамын. Заман талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасында әдіс- тәсілдер өзгеріп, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Жаңартылған бағдарлама жаңашыл ой тудырды. Себебі, әр жаңашылдық, біріншіден, стандартты іске асыруда мұғалімнің кәсіби шеберлікті, екіншіден, одан әрі сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі іс-әрекеттерді талап етуде.
Педагог мәртебесін көтеру аясында білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселесі білім беру, ғылымды дамыту. Заман талабы күннен күнге өзгеруде, сол ағымнан шет қалмай, бойымыздағы ерік- жігеріміз бен біліктілігімізді арттырып отырсақ, ұрпағымыздың шоқтығы биік боларына кәміл сенемін! Мақаламда айта кетейін дегенім «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - демекші, болашақты түзегіміз келсе, болашағымыздың жарқын болғанын қаласақ, ұстаз мәртебесін көтеру – орынды да маңызды шешім. Осы жолдау дұрыс жолға қойылса, ел болашағы – жастар тәрбиесі, білімі, біліктілігі де оң шешімін таппақ. Сонымен қатар, мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөлеп отыр.Өйткені, мұғалімдердің мәртебесін көтеру – ел мәртебесін көтеру. Сол себепті ұстазға әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекше көңіл бөлу керек. Менің негізгі мақсатым- маман даярлауда өз пәнім бойынша үлес қосу, болашақ мамандарды өз Отанын сүйіп, қастерлей білетін, адамгершілігі мол, білікті және бәсекеге қабілетті маман даярлау.
Кәсіби қазақ тілі мұғалiмі
Шокимова Асем Мажитовна