АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгінгі күннің талабы – қашықтан оқыту

21.05.2020

 

Қашықтан оқыту - бірнеше жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі  түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі. Әлемдегі коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қашықтан оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Еліміздегі жағдай студенттер мен оқытушыларды амалсыздан қашықтан оқыту жүйесіне көшіргеніне екі айдан асты.

Сабақтар қатаң кесте бойынша өтеді. Күнделікті сабақтарды жоспарлаудағы, тапсырмаларды әзірлеудегі және онлайн сабақтарды өткізудегі, студенттермен кері байланыс орнатудағы  көмекшілерім:

— Bilimland

— ZOOM

— WhatsApp

— SOVA

— Kasipkor.kz (бейнесабақтар мен қосымша материалдар каталогы)

Кәсіби қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерін оқытқан кезде, Bilimland білім платформасындағы берілген сабақтар жаңа тақырыпты меңгеру барысында презентациялық материал ретінде, тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданылады. Студенттер Bilimland.kz ресурстарының көмегімен қазақ әдебиеті бойынша жаңа тақырып бойынша бейне сабақтармен өз беттерінше танысып, ондағы берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды әзірлеу, яғни деңгейлік тапсырмаларды әзірлеу студенттің қызығушылығын, қабілетін, ерекшелігін және танымдық қызметін ескере отырып жүзеге асырылады.

         Кері байланыс орнату  «SOVA» платформасы және WhatsApp мессенджері, электронды пошта  арқылы жүзеге асырылуда. Орындалған тапсырмалар суретке түсіріліп, осы мақсаттар үшін арнайы әзірленген платформаға бекітілуі тиіс немесе WhatsApp мессенджеріне, электронды поштаға жібереді.

          Карантин жағдайында қашықтықтан оқытумен қатар, студенттермен тәрбие жұмысы да жалғасып жатыр. Жоспар бойынша белгілеген кураторлық сағаттар онлайн өткізіліп, ата-аналармен байланыс үзілген жоқ. Ата-аналарға WhatsApp мессенджері арқылы студенттің байланысқа шығуы, үлгерімі туралы мәлімет беріліп отырады.

         Кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі,  кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың  бір-бірімен жеке байланысы аз,  кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік, сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес. Оқытушы мен студент арасында бетпе-бет қарым-қатынас болғаны жақсы ғой.  Қашықтан оқыту барысында студенттің жаңа материалды түсінген, түсінбегендігін немесе сұрақ қойғысы келетіндігін ұғу да қиындық туғызады.

         Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр ұстаздан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ал карантиннің басты артықшылығы - бізді білім беру жүйесін цифландыруға мәжбүрлейді.      

Таттыбаева Айжан Боранбаевна

 қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст