«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында 2020 жылдың 18 мамырында онлайн форматта З-ТМ-19-К тобында «Адалдык сағаты» өткізілді.
«Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» дегенді қалай түсінесіңдер? Студенттер өз түсініктерін,өз ойларын айтты.
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
«Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.
Тәрбие сағатында ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды.
Жетекші Нурахметова М.Ж.