2020 жылдың 19 мамырында жалпы білім беретін пәндердің әдістемелік бірлестігінің облыстық отырысы өтті. Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Хикимова Айгерім Толеуханқызы «Қашықтықтан оқыту кезіндегі қолданылатын методикалық әдістер» тақырыбында баяндамамен шықты.
Қашықтықтан оқытуда оқытушы мен оқушылар арасындағы тікелей, жеке байланыссыз қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін іске асыру тәсілін атап өтті.
Жалпы білім беретін пәндерді қашықтықта оқытудың негізгі қағидаттары айтылып кетті.
- оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипат принципі;
- ғылыми және көп қиындық принципі;
- оқушылардың сана-сезімдік және шығармашылық белсенділігі принципі;
- көрнекілік принципі;
- оқытудың қол жетімділік принципі.
Автоматтандырылған Sova жүйесі, Google сервисінің кемшілікері мен артықшылықтары салыстырма кесте ретінде көрсетілді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқытудың күтілетін нәтижелері
Қашықтықтан оқыту кезінде методикалық әдістерді тиімді пайдаланылса оқу жетістіктері жоғары деңгейде болады.