АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқытудың жаңа мүмкіндіктері

15.05.2020

Қазіргі қоғамда ақпараттың тез өсуіне байланысты мұғалім әрдайым өз шеберлігін арттыруы тиіс. Бүгінгі таңда «заман талабына сай білім беру» идеясы білім мен оқыту технологияларын берудің жаңа әдістерін іздеу қажеттілігін туғызады. Интернет технологияларын және қашықтықтан оқытуды пайдалану өмір бойы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қашықтан оқыту режимінде жұмыс өте қызықты және оңай емес. Міндетті карантин жағдайында оқу процесін жеткілікті түрде ұйымдастыру үшін көптеген жаңа технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын және білім беру платформаларының мүмкіндіктерін игеру қажет.

«Информатика» және «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәндері бойынша мен ZOOM, Google Classroom бағдарламаларын игердім, Whatsapp пен Instagram желілерінде жұмыс жасау ыңғайлы (тікелей эфир арқылы).

Қашықтан оқытудың білім алушыға мәліметтер қол жетімді болған жағдайда ғана тиімді болатындығы әрқайсымыз үшін маңызды.

Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасап, уақытты пайдалы өткізіңіз!

жалпы білім беретін пәндер оқытушысы

И.Б.Рыспекова

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст