АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аймақтық Диктант

11.04.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын­да: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.
Осы орайда, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында жалпы халықтық диктант өткізу жоспарланған еді.
Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы «Жоғары техникалық колледжінде 10 сәуір күні Республикалық «Ел барда, ер ұмытылмайды» атты жалпы халықтық диктант өткізді. Бұл іс-шараға колледжіміздің оқытушылары, оқу өндірісітік шеберлері мен студенттері қатысты. Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары  Тулепова А.А, Таттыбаева А.Б, Калкишев Н. Г, Сейлбекова С.Ж, Шокимова А.М, Сабыржанова А.Б аталған іс-шараны ұйымдастырды. 
Қазақ халқының қос батыры  - Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл. Қос батыр – бір жылдың түлегі, жерлес, әрі замандас. Негізгі мақсатымыз - Халық Қаһармандарының ерлігін ұлықтау. Батырын ұлықтау – ұрпақ парызы. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Қорыта келгенде рухани өрлеу, бабаларды қастерлеуден көрінеді. Өткенді айтып отыру, әрқашан халық жадынан шығармай, құрметпен еске алып отыру – ұрпақ парызы.

Просмотров: 754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст