Текст
МКҚК "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" студенттері көптеген конкурстарға қатысып, өз білімін, шеберлігін, қай кезде де оқ бойы озық жүретіндігін үнемі көрсетіп келеді. Ерекше айтулы конкурстың жемісті нәтижесін алу үшін оқытушылар да аянбай көмегін тигізуде. Қазақстан халқының Ұлы ақыны А.Құнанбаевтың туғанына 175жыл толуына орай Абай шығармашылығын қамтитын "Абай және ХХІ ғасырдағы QAZAQSTAN" атты қашықтан республикалық еркін байқауға қатысып, жоғары деңгейлі дайындығы үшін Боранқұл Дидара ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға оқушыны қатыстырып, жоғары деңгейлі нәтиже көрсеткені үшін жетекшісі Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы Алғыс хатпен марапатталды.