АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай – дана, Абай - дара қазақта!

05.05.2020

Абай - қазақтың атын әлемге танытқан, артына өшпес мұра қалдырған дана, әрі дара, ұлы тұлға. Абай Құнанбайұлы – дүние жүзіне танымал әлемдік деңгейдегі ақын.

Абай поэзиясы – өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған поэзия. Ұлы ағартушы, ақын Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде сол замандағы қазақ халқының өмірі көркем бейнеленген.  Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықты сынады.Жастарды адамгершілікке, ақыл мен білімді алға қойып, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды  өсиет етті.

Биыл ұлы дана  – Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толғалы отыр. Осы мерейтойға орай ақынның туған жері мен өзге де еліміздің қалаларында көптеген іс-шаралар өтуде. Осы  тойға біз де өз үлесімізді қосуды парызымыз деп санап, Көкшетау қаласы , Жоғары техникалық колледжінің  ұстаздар  ұжымы қашықтан оқыту кезеңінде 1-2 курс студенттері мен шығармашылықпен айналысатын  студенттер арасында  «Абай дана, Абай дара қазақта» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын  өткіздік. Сайыстың мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың асыл шығармашылық  мұрасын насихаттап, сол арқылы жастардың бойында туған жерге,салтымыз бен дәстүрімізге деген  сыйластық сезімін тудыру және қазақтың  дархан  тілі мен  бай әдебиетін, сөз құдіреті мен көркем сөздің  маңызын  сіңдіру болды.Студенттер сайыста белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды.

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, – дегендей артына өлмейтін сөз қалдырған қазақтың ұлы ақыны,  дана  Абай есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады.

                                                                                                     

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст