АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру

04.05.2020

Елімізде төтенше жағдайдың  жариялануына байланысты қашықтықтан оқыту форматына барлық оқу мекемелері көшті. Жалпы заманауи талаптарды ұстана отырып, білім беру үрдісін жаңа форматта өткізуді іске асырудамыз. Қашықтан оқыту (ҚО) дегеніміз компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері екендігін білеміз. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болғандықтан, оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа да байланыс құралдарын және платформаларды пайдалану арқылы жүргізудеміз. Жалпы ҚО  ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар екендігін білеміз: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта, ватсап, т.б) оқытушы мен студент арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Олай болса сабақты өткізуші яғни оқытушы  тьютор қызметін атқарып отырмыз. Сонымен студенттерге оқу үрдісіне  қажетті барлық ресурстарды тегін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Олар «Zoom», «VK-Sova.3w.kz» жүйесін ғана емес, сондай-ақ, офлайн режимінде оқытушылардың электрондық пошталарына да шығып, тапсырмаларды орындай алады.

 «VK-Sova.3w.kz» жүйесінде әр пән бойынша қажетті материалдарға   байланысты видеотрансляцияда нақты сілтемелер де көрсетілген, оқыту материалдары бойынша дәрістік және орындайтын тапсырмалар беріледі. Мысалы, «VK-Sova.3w.kz» жүйесінің бас мәзіріндегі қажетті сілтемелерді қолдану арқылы әрбір оқытушы өз  пәндерін күнделікті тақырыптық жоспарға сәйкес толықтырып отыруына және студенттермен кері байланыс орнату мүмкіндіктері бар.

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.  Сондықтан заман талабына сай жаңа білім беру форматтарын ұтымды пайдалануды қарастыруымыз керек.

   Токтаганова Айнур Сагындыковна

физика-информатика пәні оқытушысы

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст