Бүгінгі күні әрқайсымыз коронавирус пандемиясының тікелей немесе жанама әсерін сезініп жатырмыз: үйреншікті оқу, жұмыс және тіпті өмір кестесі бұзылған.
Карантин кезінде қосымша еңбек жүктемесі қашықтықтан оқытуды ұйымдастыратын колледж әкімшілігіне, педагогтар мен әдіскерлерге түседі.
Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына оқу үрдісін ұйымдастыруға көп уақыт бөлуге тура келеді. Оқу-әдістемелік кешендерді, тестілерді, сандық білім беру ресурстарын және т.б. жүктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Қашықтықтан оқыту құралы ретінде бейне сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар қолданылады.
Сонымен қатар, карантин оқыту үдерісінің мәселелерін ашып берді. Студенттерге өз бетінше білім алу дағдылары жетіспейді. Егер олар ауылдық жерлерде тұрып жатқан болса және ғаламторға тұрақты және жылдам қосыла алмаған жағдайда, түрлі электрондық платформалармен (ZOOM, SOVA, WhatsApp, пошта және басқалар) жұмыс істеу мәселелері туындайды.
Барлық студенттер осы қосымшаларды қолданғандықтан, бұл платформалардың жұмыс істеуі қиындап тұр. Сол себепті студенттер оларға уақытымен кіре алмайтындығын айтып, жазады. Осы жағдай ыңғайсыздық тудырады. Оқуға күніне олардың үш-төрт сағатқа жуық уақыт кетеді.
Жаңа форматтағы оқу айы ішінде колледж студенттері қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын сезіп үлгерді: әрбір студентке тапсырмаларды өз бетінше орындауға тура келеді - сабақтар аудиторияда өткен кезде барлық студенттер сабақ барысында жауап беріп үлгермейді; оқу орнына байланыстылығы жоқ – оқу үшін тек ғаламторға кіру мүмкіндігі қажет; тәуліктің кез келген уақытында оқу мүмкіндігі - уақытты тиімді пайдаланып, тапсырманы жылдам орындаған жағдайда, бос уақытың көбірек болады; заманауи компьютерлік технологияларды жылдам игеру.
Ең басты артықшылығы - карантин бізді білімді цифрлауға мәжбүрлейді.
арнайы пәндер оқытушысы
Габдуллин А.А.
.