АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту — уақыт талабы

24.04.2020

Қатерлі індеттің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, ағымды жылдың 16 наурызынан бастап Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен студенттері қашықтықтан оқу жүйесіне ауысты. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту екені баршаға мәлім.

         Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкенмен сабақтар оқу кестесіне сәйкес өтіп жатыр. Мен әр сабағымда ААЖ (АИС), Zoom платформасын, сондай-ақ Bilimland, WhatsApp, пәндер бойынша  әр топқа әзірлеген  ЦББР (ЦОР)  қолданамын. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында студенттерге түрлі тапсырмалар, яғни  сөзжұмбақтар құрастыру, класстер әзірлеу, бақылау сұрақтарына жауап беру, шығарма, эссе жазу, өлеңдерді мәнерлеп оқу сияқты тапсырмаларды орындатқызамын.

А-19 тобының топ жетекшісі ретінде Zoom платформасы арқылы  «Коронавирустың алдын-алу» және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған сыныптан тыс сағатын өткіздім. Тобымның студенттері Арыков Ельнар, Шахманова Диана, Рахмиджанова Камила, Кошкинбаева Аружан аталмыш сынып сағатында Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтса, Боранқұл Дидара өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды.

         Қашықтықтан оқытуда әдістемелік көмек көрсетіп отырған колледжіміздің әдіскері Кожахметова Дана Уәлиханқызына, Zoom платформасы бойынша жұмыс істеуде үлкен көмек көрсеткен информатика пәнінің оқытушысы Тоқтағанова Айнұр Сағындыққызына алғысымды білдіремін.

         Береке мен бірліктің арқасында біз осы «жаман тұмауды» жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз!!!

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Арыстанова А.К.


 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст