АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу.

19.02.2024
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай 2024 жылғы 14 ақпанда Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде студенттердің интернационалист-жауынгерлермен, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылармен кездесуі өтті . Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері К.Б. Макишев, Ж.К. Тойжанов, Р.М. Макеев, Б. Н. Уаисов қатысты, олардың үшеуі біздің колледждің түлектері екені айтылды. 
  Біздің қонақтар студенттерге өздері туралы, өздерінің өмір жолдары туралы, соғыс күндері туралы, сол кездегі мектеп оқушылары мен студенттердің алдында тұрған қиындықтар туралы, сондай-ақ Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізу себептері және жалпы Кеңес Одағының аталған елге көрсеткен көмектері жайлы айтып берді. Ауғанстанда біздің сарбаздар мен офицерлер жоғары батылдық пен батырлық үлгісін көрсеткенін айтты. Ардагерлер студенттерге ерекше толғаныспен: Отанды сүюге және қорғауға, шынайы еліміздің патриоты, адал және сенімді достар, білімді және сауатты адамдар болуға шақыратын қоштасу сөздерімен яқтады.
Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі К. К. Сарсенбаев Ауған соғысына қатысушыларға алғыс айтып, құттықтау сөз сөйледі. 
Жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері үшін электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету жөніндегі тренинг орталығына, сандық бағдарламалық басқарумен құзыреттілік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Студенттер соғыс туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады, кездесу бәрінің көңілдерінен шықты. Қаза тапқандарды тік тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні - әскери қақтығыстарда Отанның қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғаған сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін мақтаныш пен құрмет тұту символы. Ауған соғысынан бері көп жылдар өтті, бірақ әскери борышын соңына дейін орындап, өз өмірін қиған батырлардың жарқын жүздері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ұйымдастырушылар топ кураторлары А.А.Тулепова, О.А. Мальцева, АӘД басшысы О.Ю.Мухамеджанов, АӘД оқытушылары Е.А.Сейткасымов, Ю.В.Воронов.
Просмотров: 2271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст