Қашықтан оқыту кезеңінде AIS Sova платформасы оқытушыларға интерактивті сабақтарды, видео дәрістерді құруға, дайын сабақтарды пайдалануға, сонымен қатар порталдың электронды кітапханасын толықтыруға және студенттерге үй тапсырмасын беруге мүмкіндік берді, сол арқылы оқытушы мен студенттің үнемі кері байланысын қамтамасыз етеді. Электрондық журналды қолдану қарапайым және практикалық болып табылады, өйткені ол кез-келген уақытта оқытушыларға да, студенттерге де қол жетімді, студенттерді тәртіпке келтіреді және қашықтықтан білім беруде мотивацияландырады. «Сова» бағдарламасы оқытушылар мен студенттерге оқыту мен қарым-қатынастың жаңа формаларына ауысуға мүмкіндік берді. Студенттер сабаққа қатысуға және оқуға тікелей жауапкершілікпен қарай бастады. Өндірістік оқыту шебері ретінде мен электронды кітапхананы өзіндік жұмыстарды орындау үшін белсенді қолданамын, тақырыптар бойынша бейнероликтер таратамын, форумда белсенді пікірталас жүргіземін және тақырыптар туралы ақпаратты түсіндіруге хабарламалар қойындысын қолдана аламын. Ең бастысы, ата-аналар мен студенттер жүйегекез келген уақытта қол жеткізе алады, осының арқасында , ата-аналардың барлық тапсырмаларды тексеруге, хабарламалар алуға мүмкіндігі бар.
өндірістік оқыту шебері
Б.Б.Жетпісбаева