АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты

17.04.2020

Қазақстан Республикасы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының және науқастардың саны өсуінің салдарынан сәуірдің 14 күні менің жетекшілігімдегі «Сәулет» мамандығы бойынша А-19 тобының студенттеріне ZOOM платформасы арқылы сыныптан тыс сағатын өткіздім.

Тәрбие сағатының барысында COVID-19 симптомдары, оның жұғу және одан қалай сақтанудың жолдары, індеттің алдын алудың 5 шарасын, яғни қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу, қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану, көп адам жиналған орындардан аулақ болу, науқас адамдармен байланысқа түспеу, салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет екендігін айттым.

Сонымен қатар, студенттерге бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №22 бұйрығына сәйкес кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-аналарының қарауынсыз ауылды мекендерде жүруге, жаяу серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, балалар, спорт алаңдарына адамдар көп жиналатын орындарға (көшелерге) баруға тыйым салынғандығы туралы ақпарат бердім. 

А 19 тобының жетекшісі

Арыстанова А.К.

 

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст