АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ЗЕРДЕЛЕУІ

23.01.2024

📍Педагог өзінің қызметінде тоқтаусыз ізденіс пен үйренуден жалықпай, білімін  арттырып жүреді. Әр сабағын қызықты заманға сай ойластырып, сонымен қатар бір тілді біліп қана қоймай бірнеше тілді меңгеріп өткізуге тырысады. Колледжде үш тілділікті  сабақта пайдалану арқылы студенттердің танымдылығын  болашақ кәсіби маман ретінде артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Әр тіл - өзінше бір тұтас әлем. Көкшетау Жоғары техникалық колледжінің 43 оқытушылары Тілдерді оқыту орталығының  мемлекеттік, азаматтық қызметшілерге арналған тілді оқытудың үш деңгейлік жүйесіне сәйкес «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша 360  сағат көлемінде  В1 В2 деңгейлік курстарынан  сәтті өтіп сертификаттармен марапатталды.Сонымен қатар колледж оқытушылары 120 сағат көлемінде ағылшын тілі курстарын меңгерді. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің, өркениеттің жаңа ғимаратының  есігін ашып, ішіне кіріп, таныса бастайды. Колледж оқытушылары  әрқашан кәсіби, мәдени және рухани білімдерін  кеңейтіп, танымын арта түсуге тырысады.

 

Просмотров: 2074


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст