Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.
Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері – студентке жеке талап қоюмен қатар, оқытушымен тікелей қарым-қатынаста болуын іске асырады. Мен ағылшын тілінің оқытушысы ретінде замануи білім платформаларын, яғни Zoom, WhatsApp, Telegram, BilimLand, email қолданамын.
Оқытушының да, студенттің де оқытудың уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі, білімнің тиянақтылығы, оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше болуы, уақыт пен қаржының үнемділігі, ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі), қашықтан оқытудың осындай артықшылықтарын атап өткім келеді.
ағылшын тілі оқытушысы
Бакубаева Г.Е.