Қашықтықтан оқыту - электрондық оқыту және онлайн-оқыту деп атауға болады. Бұл оқыту түрі оқытушы мен білім алушы арасындағы байланысты алыстан жақындату.
Қашықтықтан оқытудың негізгі мақсаты: білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Елімізде туындаған төтенше жағдайға байланысты, барлық оқу мекемелері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Кез келген енгізу — бұл күрделі процесс. Қашықтықтан білім беруді енгізу-екі есе қиын, себебі: А) оқытушылар құрамын жаңа технологияларды енгізуге моральдық дайындау Б) компьютерлік сауаттылықты артыру В)
қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету.
Осы уақытқа дейін әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, электронды құрылғыларды сабағымызда қолданып келдік. Бірақ қашықтықтан оқыту технологиясының тәсілдерін бірінші рет қолданып көрдік. ОЛАР: Чат-технологиялар арқылы чат-сабақтарды ұйымдастыру; WEB-сабақтар: қашықтықтағы сабақтар, конференциялар, семинарлар, ойындар, зертханалық жұмыстар, практикум және басқалары; Оқу-әдістемелік материалдарды, бейне және аудио файлдарды және т.б. пошта арқылы жіберу.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Қазір қашықтықтан оқытуға арналған бағдарламалар өте көп. Дегенмен, әр ұстаз өзіне және студеттерге ең тиімді, ыңғайлы, қолжетімді әдіс-тәсілмен жұмыс жасайды, дегенмен жаңа бағдарламаларды жетілдіреді, жүзеге асырырады, өйтекні ол заман талабы!
ағылшын тілі оқытушысы
Шурманова Жанна Тендешовна