АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негметова Салтанат Қаниқызы "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" наградасына ұсынылды

03.01.2024
✅Негметова Салтанат Каниевна - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК-ның оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатындағы 30 жылдық өтілі бар білікті маман.
🔻Өзінің педагогикалық жұмысы және тұрақты шығармашылық ізденімпаздығы үшін Салтанат Каниевна бірнеше рет Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, ҚР ҚК имиджін арттыруға қатысудағы ынтымақтастығы үшін Көкшетау қаласы қорғаныс істері басқармасының алғыс хаты, Ақмола облысы оқу-әдістемелік кабинетінің Алғыс хаты, Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасы, Ақмола облысы кәсіподағының Құрмет грамоталарын иемденген.
🔻Педагог студенттермен бірге жүйелі түрде халықаралық, республикалық конкурстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындармен марапатталған. Ол кәсіби маман ретінде республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларға, әдістемелік кеңестерге, конференцияларға және конкурстарға үздіксіз қатысып отырады.
🔻Атқарып отырған лауазымында табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті білімді меңгерген сауатты және білікті маман. Әріптестер арасында ерекше құрметке ие.
"Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханға арналған кодты үйлестіруші, әзірлеуші, "Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан түрінде студенттерді WorldSkills стандарттары бойынша қорытынды аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізуші болып табылады.
🔻Салтанат Каниевна "Кәсіпқор "Холдингі" КЕАҚ-ның штаттан тыс жаттықтырушысы болып табылады. Салтанат Каниевна өз білімін арттыру арқылы біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады, әдістемелік кеңестер мен қауымдастықтарда белсенді жұмыс жүргізеді, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарынан өтеді және ол өз ісіне деген адалдығымен, ұжымның әр мүшесіне көзқарас таба білуімен, қызметкерлерді шығармашылық қызметке ұйымдастыра білуімен ерекшеленеді. Студенттер мен ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің өсуіне қамқорлық жасайды.
💐Ағымдағы жылды қорытындылау аясында Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының атынан «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» наградасын Негметова Салтанат Каниевнаға табыс етті.
Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің инженер-педагогикалық ұжымы оқу ісі жөніндегі орынбасары Негметова Салтанат Каниевнаны лайықты марапатымен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан істеріңіз бен талпыныстарыңызға сәттілік серік болсын!
Просмотров: 1665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст